Ауыз су жүйесін жаңарту керек – Жетісу облысы

Елу жылдан аса ел игілігіне жараған ауыз су жүйесі әбден ескірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көшеге орнатылған колонкалардың біразы істемейді. Енді бірінен су аққанымен тоқтамайды. Оның өзі көктем мен күзде лайланып кетеді. 

Ахмет Әуезхан кезек күтіп қалмас үшін тіршілік нәрін түсте тасып алады. Алпысты алқымдаған жігіт ағасы бұл жұмысты бала кезінен бері атқарып келеді. Жас кезде білінбегенімен қазір су әкелу мен үшін қиындау дейді,- ол.

Ахмет Әуезхан, Сарыбел ауылының тұрғыны:

- Қыстыгүні қиын қатып қалады. Жүзден артық семья тұрады. Соның бәрі осы үш колонкаға қарайды. Мына ел сияқты бізде үйде су болса екен, үйде ыдыс аяқ жуатындай мүмкіндік болса екен дейміз.

Елу жылдан аса ел игілігіне жараған ауыз су жүйесі әбден ескірген. Көшеге орнатылған колонкалардың біразы істемейді. Енді бірінен су аққанымен тоқтамайды. Оның өзі көктем мен күзде лайланып кетеді. 

Гүлсім Нұрсағатқызы, Сарыбел ауылының тұрғыны:

- Құрт шығады, көктем кезінде келсе банкаға келсе СЭС қа да жіберіп көрдік. Оған енді не істейді. Дәрілейді бар қолдарынан келгені. Осы екі көше осы бір колонкадан су ішеді. Көктем қыс кезінде  кешке жақын көрсеңіз мал да осыдан ішеді. Адам да осыдан ішеді.

Ауылға құбыр тартып тіршілік нәрін жеткізу үшін аймақтағы су қорын анықтау керек. Әкімдіктегілер жер астындағысы тұрғындарға жетпейді,- дейді. Ал өзен, бастаулар жайлы мәліметті тиісті мекемелерден ала алмай отыр. 

Арман Тазабеков, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Біз Балқаш Алакөл бассейн инспекциясына хат жазғанбыз. Әзірге жауабын алмадық. Жауабын алсақ. Осы жер бетіндегі су қоры туралы мәлімет берсе соның негізінде жобалық сметалық құжаттамасын дайындап  бүкіл ауылда реконструкция құрылысын жүргізуге дайынбыз.

Тәуелсіздік алғалы Жаркент өңіріндегі жиырма ауылға жаңадан ауыз су жүйесі жүргізілген. Бұл аудандағы елді-мекендердің тең жартысы ғана. Сондықтан әлі де жиырма шақты әкімшілік аймақтың ескірген құбырын жаңарту қажет.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев