Қазақстанда цифрлық құжаттар қолданысқа енгізілді

Бүгіннен бастап қазақстандықтарға өзімен бірге құжат алып жүрудің қажеті жоқ. Мемлекет басшысы Цифрландыру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы барлық норма қағазбастылықты жоюға бағытталған. Енді электронды үкімет порталындағы қызмет түрлері Егов мобильді қосымшасына көшірілді. Сондай-ақ ауылды жерлерді цифрландыруға басымдық беріледі. Елді мекендердегі пошта бөлімшелерінде цифрлық бұрыштар ұйымдастырылады.

Ерхан Таткен, ҚР ЦДИАӨМ баспасөз хатшысы:

- Кейбір мекемелерге барған кезде, көбінесе, бізден төлқұжаттың түпнұсқасын сұрайды. Енді заң аясында құжатты тасу мәндеттелмейді. Кез келген азамат мекемеге барып, цифрлық форматтағы құжатын мобильді қосымшасы арқылы көрсетсе, сол жеткілікті болады.