loader

Бурабайда «Жас сарбаз» лагері ашылды

Бурабайда «Жас сарбаз» лагері ашылды

Щучинск-Бурабай курорттық аймағында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагері ашылды.

Мұнда әскери және азаматтық қызметшілердің балалары жазғы уақытын өткізе алады. Бүгін 1 апталық демалысқа шалғай әскери гарнизондардан 12-14 жас аралығындағы бір топ бала барды. Арасында спорт түрлерінен республикалық жарыс қатысушылары да бар. Балалар демалыс уақытын қызықты өткізіп ғана қоймай, болашақ Отан қорғаушыға қажетті білімдерін шыңдайды. Шатыр тігуді, ас әзірлеуді үйренеді. Түрлі жорық пен экскурсияларға қатысады. Осындай әскери-патриоттық лагерь Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының Алматы облысындағы оқу-жаттығу базасында да жұмысын бастайды.

Әбілмансұр Сырманов, демалушы:

- Лагерьге келгеніме өте қуаныштымын. Қалай келдік бізді отрядқа бөлді. Мен жігер отрядындамын. Біздің ұранымыз жігерлі, білімді, айбатты. Мен өз тобыма өте қуаныштымын. Және сол топта мен командир атандым.

Сондай-ақ...