Жарты жылда 30 мыңға жуық шетел азаматы жауапқа тартылды

Елде алты айдың ішінде 30 мыңға жуық шетел азаматы жауапқа тартылған.

Мұны ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі мәлімдеді. Арнайы тексеріс барысында 12 288  азамат көші-қон заңнамасын бұзған. Мұның ішінде 8 мыңнан аса шетелдіктің елде болу мерзімі өткен. Ал қалғаны заңсыз жұмыс істеген.

Айта кетейік, көші-қон заңнамасын бұзған 969 азамат елден шығарылды.