Суға батқан теплоходтан 24 адам құтқарылды

Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында қатты желден туристер мінген теплоход аударылып, 24 адам құтқарылды.

Оқыс оқиға жағалаудан 300 метр жерде болған. Суда қалған 24 адамға, оның ішінде 9 балаға сол маңда жүрген катерлердің иелері шұғыл жеткен. Куәгерлердің айтуынша, олар өздерінің жылдам жүйткитін скутерлерімен зардап шеккендерді жақын жердегі демалыс базаларына тасымалдаған. Суға батқан теплоходтың жолаушыларына дереу медициналық және психологиялық көмек көрсетілген. Демалушылардың барлығы дін аман.

Арман Тоқанов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:

- Оқиға кезінде су жағалауында демалып жатқан азаматтар аталған жағдайды байқап, өздерінің гидроскутерлерімен екі айналым жасап, зардап шеккендерді су жағасына жеткізді.  Барлығы 21 жолаушы, оның ішінде 9 бала мен қайық мүшелері «Аюда» базасына орналастырылды. Адамдарға көмек көрсетіліп, тамақ берілді.

Сондай-ақ...