«Теңізшевройлдағы» жұмысшылар мәселесі қаралады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Атырау облысында жүр. Бүгін Тамара Дүйсенова зейнеткерлер, жастармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және көпбалалы аналармен кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министр жұмыс сапары аясында «Теңізшевройл» серіктестігіне барады. Компанияның бас директоры Кевин Лайон және мердігер ұйымдардың қатысуымен жиын өтеді. Тамара Дүйсенова облыс әкімі Серік Шәпкеновпен бірге «Теңізшевройлда» қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды кейін жұмысқа орналастыру мәселелеріне арналған кеңеске қатысады.