loader

Шымкентте 120 мыңнан астам ит пен мысық тіркелген

Шымкентте 120 мыңнан астам ит пен мысық тіркелген

Шымкентте жалпы саны 120 мыңнан астам ит пен мысық тіркелген.

Ал соның ішінде дала кезген үй жануарланын кез келген ауладан көруге болады. Шаһарда осындай төрт аяқтыларды анықтаумен ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы айналысуда. Мамандардың хабарлауынша, биыл 40 мыңнан астам ит мысық ауланбақ. Бұл шараларға 130 млн теңге бөлінген. Алдағы уақытта шаһарда бір гектарлық аумақта арнайы тәлімбақ салынатын болады. Нысан үшін жер аумағы бөлінген. Қазіргі уақытта тәлімбақтың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Әбунасыр Жанбатыров, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы:

– Типтік үлгідегі қағидаға сәйкес, біз қаңғыбас иттерді аулау, тарттыру, яғни стерилизация дейміз, жасату қарастырылған. Қағиданың жаңа талаптары қабылдануына байланысты калькуляциясы қайта жасалып, яғни бюджет шығындары қайта есептелетін болады.

Сондай-ақ...