ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шаққан

Шығыс Қазақстан облысында кенеден келер қауіп көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұқпалы ауруларды тасымалдайтын жәндіктер жыл басталғалы бері 3 мыңнан астам адамды шаққан. Мұндай жайттың көбі таулы жерлерде, яғни Алтай мен Глубокое аудандарында болып жатыр. 11 адамнан кене инфекциясы табылды. Соның ішінде төртеуінен энцефалит анықталған. Медициналық көмекке жүгінген тұрғындардың 93%-іне кенеге қарсы вакцина салынған. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жәндіктерден ауру жұқтыру қаупі әлі сейілмей тұрғанын айтады.

Бағлан Тауанова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

– Қазіргі күні кене энцефалитін жұқтырған төрт науқастың үшеуі толығымен арнайы ем қабылдап, жазылып шықты. Бір науқас әзірге емді жалғастыруда. Қазіргі уақытта эндемиалық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде.