Көкшетауда жылу электр орталығын салу мәселесі қаралды

Көкшетауда жылу электр орталығын салу мәселесі қаралды

Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында Ақмола облысын селекцияның заманауи әдістеріне көшіру, мал союды жүзеге асыратын кәсіпорындарға қойылатын санитарлық талаптарды қатайту жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, ет өңдейтін орындарға шикізат жеткізуді қамтамасыз ету бойынша атқарылатын істер легі сөз болды. Аймақтың ауыл шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын қаржыландыру және осы мақсатта бірыңғай цифрлық платформа құруда назардан тыс қалмады. Бұл аз десеңіз, Көкшетауда кәріз-тазарту ғимараттарын реконструкциялау мен су тазарту құрылыстарын салу бойынша жобалар қаралды. Сондай-ақ басқосуда аграрлық-өндірістік кешен үшін білікті кадрларды даярлаудың қосымша шаралары мен сауда қызметін реттеу турасында да мәселелер талқылаудан өтті.