Шымкентте әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешілуде

Әр адамның пікірі маңызды. Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесті. Бұл – мегаполистегі халқы ең тығыз орналасқан аудан. Басқосуда қалың бұқара коммуналдық мәселелер мен абаттандыру, жаңа нысандар құрылысы сияқты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еңбекші – Шымкенттегі тұрғындары ең көп аудан. Үш жүз мыңнан астам адам бар. Сондықтан халық әкіммен кездесуге алдын ала жинала бастады. Барлығы да көкейде жүрген сұрақтардың жауабын алуға ниетті.

Ауыз сумен қамтамасыз ету, нысандардың күрделі жөнделуі, жол мен көшелерді жарықтандыру. Басқосуда бұл тақырыптардың барлығы қамтылды және шешімі жоқ мәселенің аз екендігіне жиналғандар көз жеткізді.

Шаһарда тұрғындармен жұмыс істеу жүйесі өзгерген. Мұндай кездесулер жиі өтіп тұрады. Биылғы жылдың алты айында шымкенттіктерден 874 ұсыныс түсті. Олардың дені көп ұзамай шешімін тапса, өзгелері жергілікті биліктің жоспарына енгізілді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

– Бүгінгі күні көп сұрақтар шешіліп жатқанын тұрғындар көзі жетіп отыр. Өйткені сол тұрғындардың өздері жол болсын бәрін өздері қабылдайды бүгінгі күнде. Солар, егер де, бүгінгі күнде жоқ біз қанағаттанған жоқпыз бұл жолға, жоқ мына электр қуаты бізге болмайды деген кезде біз мердігермен келісімшартты қол қоюға, ақшаны әрі қарай бөлуге тиым салып отырмыз.

Бірнеше сағат ішінде Мұрат Әйтенов айтылған сұрақтардың барлығына дерлік жауап беріп үлгерді. Одан әрі шаһардың әрбір ауданына тиесілі қоғамдық кеңеске жолданады. Құзырлы ұйым басқосуда айтылған мәселелердің шешімін қалың бұқараға жеткізуі тиіс.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Катерина Попкова, Нурмахан Бекмуратов