Жастар диалогы кеңейеді – Нұржан Жетпісбаев

Жаңа заман жастары өзін өзі дамытуға ұмтылып, әлеуметтік тұрғыда икемді болуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің ең ірі жастар ұйымы өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін шешуге бар күш-жігерін жұмсайды. «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев осылай деді. Ұйым ел болашағына қатысты жауапкершілікті толық сезінеді. Еңбексүйгіштік, терең білім, отаншылдық – жастардың басты құндылығына айналуы тиіс. Бұл қасиеттерді дәріптеу үшін аймақтарда жастардың диалог алаңдары кеңейтіледі.