Орыс жігіті қазақ тілін тегін үйретіп жүр

Алексей – Павлодар облысының тумасы. Қашыр балалар үйінде тәрбиеленген. 23 жастағы жігіт мемлекеттік тілде жетік сөйлеп қана қоймай, қара домбыраны да керемет шертеді. Тіпті, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Қазір кітап жазуға ден қойған.

Алексей Лодочников, Елбасы академиясының PR менеджері:

- Мен тегін қазір онлайн түрде қазақ тілін үйретіп жатырмын. Иә керемет мұғаліммін деп айта алмаймын өзімді. Бірақ білгенімді қоғамға, халыққа жеткізейін дедім. Менің ойымша өте дұрыс болар еді.

Алексейдің онлайн сабағына қатысып жүргендердің 70%-і қазақтар. Алдағы уақытта елдің саяси өміріне араласу мүмкіндігі туса, бас тартпас едім, - дейді жас жігіт.

Алексей Лодочников, Елбасы академиясының PR менеджері:

- Олардың басым бөлігі мен Қазақстанда тұрып жатырмын, кей кезде ұяламын қазақ ұлтынан болғаныммен ана тіліміді білмеймін дейді. Біздің қоғамда қалай? Егер сен президентпен тикток түсірсең, бітті сен депутат болғың келеді, дегендей. Жоқ, олай емес. Мені саясатқа шақырса, қарсы емеспін. Менің ойымша еліне жаны ашитын ол тек осы елді мақтап тұрмай, оның жаман жақтарын да айтып отырады.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ӨЗІ МЕҢГЕРГЕН АҚШ АЗАМАТЫ

Келесі кейіпкеріміз – Вика апа. Тараздағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Виктория Шарбонені осылай атайды. Қазақстанға алғаш рет 22 жыл бұрын келген. 2009 жылы Жамбыл облысына қоныс аударады. АҚШ азаматы жалғызбасты әйелдерге және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектеседі. Сонымен қатар, қазақ тілін меңгеріп, насихаттап жүр.

Виктория Шарбоне, қала тұрғыны

- Осы жер – Қазақстан. Сосын қазақ тілі болуы керек. Екінші ағылшын тілін білуі керек. Көбірек есік ашады. Және орысша болу керек. Көп кітап орысша бар. Сосын біздің мақсат 3 тілі болу керек. Балалар жақсы мұғалімдер. Мен дұрыс емес айтамын. Апай мынау дұрыс емес, мынау дұрыс.

Қазақстанда мемлекеттік тілді меңгергісі келген әрбір азаматқа мүмкіндік көп. Былтыр 52 мыңға жуық адам төл тілде сөйлеу курстарынан өтіп, сертификат алды. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қоспағанда, ел аумағында шамамен 600 тіл орталығы жұмыс істейді. Осындай шаралар әр өңірдегі Достық үйлерінде де қолға алынған.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев