Қарағандыда «Асар жолы» қайырымдылық марафоны өтті

9 баласы бар Ольга Кудрявцева не бары бірнеше жылда 10 мәрте көшіп-қонған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ сегіз ай бұрын «ASAR Ume» қоры оған бес бөлмелі үй сыйлады. Қазір өмірі күрт өзгеріпті.

Ольга Кудрявцева, көпбалалы ана:

- Өмірім 180 градусқа жақсы жаққа өзгерді. Жер үй, үлкен бақшасы бар. Балаларым сабағын жақсы оқып, денсаулығы да жақсарып қалды. Мен өз ісіммен айналыса бастадым, клинингтік қызметтер көрсетемін. Алдағы уақытта ісімді кеңейтуді жоспарлап отырмын.

«Asar Ume» қайырымдылық қоры соңғы 3 жылда 440 отбасына баспаналы болу бақытын сыйлаған. «Асар жолы» аясында кемі 50 отбасы тұрғын үймен қамтылады дейді қор өкілдері.

Асхат  Нұрмашев, «Asar ume» қайырымдылық қорының  президенті:

- Нұр-Сұлтан қаласында бастадық, Қарағандыға жеттік, әрі қарай Көкшетау сосын біздің тур Ақтау қаласында бітеді 17-ші тамызда. Одан кейін 2 апта алматы қаласында жұмыстарымызды бітіріп, демалып екінші кезеңге шығамыз.

Атап өткен жөн, шараның өтуіне Қарағанды облысы әкімдігі де қолдау білдірген. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов пен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысты. Тур  аясында кенді өлкеде жиналған қаржыға Көкшетаудағы мұқтаж отбасына баспана алынады. Ал, қарағандыда мұндай қуанышқа 5 баласы бар, Васильевтер жанұясы ие болды.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпхар