Алматыда мектеп пен балабақшада орын тапшы. LIVE

Алматыда балабақшада орын тапшы. Кезекте 43 мыңнан астам бала тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мегаполисте 866 мектепке дейінгі ұйым бар. Десе де бұл бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін шешпейді. Оған қоса, мектептерде оқушы саны көп. Білім саласының мамандары мұны халықтың тығыз орналасуымен түсіндіреді. Биылғы оқу жылында осы түйіткіл жайттар қалай шешімін таппақ? Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр. Осы сауалдардың жауабын іздеген арна тілшісі Қарлығаш Қайыпбекова тікелей эфирге шықты.