«Алтын Орда» базарының иесінен 47 млн теңге тәркіленеді

«Алтын Орда» базарының иесінен 47 миллион теңге тәркіленеді.

Сот осындай шешім шығарды. Компания өзінің үстемдігін асыра пайдаланып, сауда орындарының жалға алу құнын негізсіз көтерген. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Шешім әлі күшіне енбеді.

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданы «қылмыскерлердің қараңғы ортасы» деп атап, жергілікті атқарушы органдарға үкіметпен бірлесіп базардағы тәртіпті ретке келтіруді тапсырған болатын.