Air Astana 3 млн тг айыппұл төлейді

Air Astana әуе компаниясына рейстерді кешіктіргені үшін 3 млн теңге айыппұл төлейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Соңғы кезде рейстердің кешігуі жиілеп, жолаушылар құқығының бұзылуына байланысты шағым көбейген. Осыған байланысты тергеу жүргізіліп, бірнеше жиналыс өткізілген. Комитет төрағасы Талғат Ластаев компания жіберген олқылықтың көп екенін мәлімдеді. Кемелер уақытылы ауыстырылмаған, ал қызметкерлер жылдам түсіндірме жұмыстарын жүргізбеген, тіпті жолаушыларға қонақ үй бөлу қарастырылмапты. Тиісті ескертуден кейін әуе компаниясы резервті қамтамасыз ету үшін тұрақты рейстер кешіктірілген кезде ғана пайдаланылатын арнайы жеке әуе кемесін бөлді. Енді әкімшілік жауапкершілікті өтеу үшін 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.