Елордалық полицейлер қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын тексеруде

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында қалалық автобустардың жолға шығар алдындағы дайындығы мен жүргізушілердің денсаулығы тексерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз қайта жабдықталуы және жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдауға арналған техниканың болуы және жұмысқа жарамдылығы да қадағанланды. Жүргізушілерге қажет болған жағдайда бұл жабдықты міндетті түрде пайдалану туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар қалалық автобустарды пайдалану ережелерін, оларды желіге шығару тәртібін бұзудың 10-нан астам фактісі анықталып, автобус парктерінің жүргізушілері мен бес басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.