Қызылорда облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылорда облысында жыл басынан бері 63 мың гектарға жуық бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта мемлекеттік меншікке 160 жер учаскесі қайтарылды. Бұл шамамен 45 мың гектар. Қалғандары бойынша жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар елді мекендерге жақын аймақта жайылымдық жерлер мен шабындықтар жетіспейді. Бос жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін олар біртіндеп айналымға енгізіледі.

Нұрсұлтан Ақылбеков, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы:

Электронды цифрлық геопортал жүйесі бар. Сол бойынша жұмыстар жүргізіледі, мемлекет меншігіне қайтару бойынша. Облыста агроқұрылымдық жер учаскелеріне жалпы көлемі 2 мың 905 гектардан аса жер учаскелері табысталды. 5637 шаруа қожалыққа.