Асфальт үстіне жұмыртқа қуырды

Асфальттің бетіне жұмыртқа қуырған адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Күннің ыстықтығы соншалық видеодан жол үстінде бірер минут тұрған табадағы май әп-сәтте шыжғырылып, жұмыртқаның піскенін көруге болады. Расында кейінгі аптада өңірде ауа температурасы 40-45 градустан түспей тұр. Аспан айналып жерге түскендей.

Апшыны қуырған ыстықтан «Батыс-Қытай, Батыс-Еуропа» күре жолының бір бөлігінде цемент-бетон плитасы көтеріліп кеткен. Мамандар осы апта да ыстықтың беті қайтпайды деп отыр. Сондықтан аса қажетті іс болмаса, бейсауат тысқа шықпаған жөн.

Сондай-ақ...