Ақтөбе облысында жұмысшылардың жалақысы төленді

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің араласуынан кейін бірнеше бойы жалақы алмаған жұмысшылар алдындағы қарызы өтелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Шалқар ауданында мектеп салып жатқан мердігер компания 20-ға жуық еңбеккерге уақытылы ақы төлемеген болатын. Нәтижесінде, жұмысшылар алдындағы қарызы 4 млн теңгеден асыпты.

Баянбек Шүйінішбаев, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы басшысының орынбасары:

- Кездесу қортындысы бойынша мәселе өз шешімін тауып, жұмысшылар алдындағы берешектер толығымен өтелді. Сонымен қатар, айта кетер жайт мына қаражат жымқырудың алдын-алу мақсатында аталған мердігердің өңірдегі құрылыс нысандары жүйелі бақылауға алынды.

Дәл осындай жағдай аймақта жыл басынан бері 10 кәсіпорында орын алды. Сосын құзырлы органдардың араласуынан кейін қызметкерлерге айлық берілген болатын. Еңбек инспекциясының мәліметі бойынша компаниялардың жұмысшылар алдындағы қарызы 75 млн теңгені құрады. Нәтижесінде, заңбұзушылыққа жол берген басшыларға қатысты 60 әкімшілік іс қозғалып, оларға 19 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.