Кофе ішу сәнділік символы ма?

Сұраныс па әлде қайнаған тірліктің сәнді символы ма? Елімізде кофе тұтыну көрсеткіші жыл санап артып келеді. Халықаралық бизнесті дамыту ұйымының ресми дерегі бойынша былтыр қазақстандықтар 2 мың тоннадан астамын тұтынған. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 1,5 мың тонна шамасында еді. Импортталатын кофенің бағасы артса да оған деген сұраныс кемитін емес.

Нұрсұлтан Баешов соңғы бес жылда бариста кәсібін игеріп, клиент тартудың қыр-сырын меңгерген. Биыл шағын кофехана ашып, нәпақасын тауып отыр. Сусынға деген сұраныс жоғары болғандықтан оны әзірлеуге қажет өнімдерді күнара алдырады.

Нұрсұлтан Баешов, бариста:

- Алдын ала заказ бергендіктен сразу екі күнге заказ беремін екі килограмм. Күніне бір килограмм  кетеді. Бір килограмнан 30, 35, 40 стакан примерно. Дайындауына байланысты, смотря кім қандай кофе заказ береді. Негізі орташа 40 стаканға мөлшерленген бір килограмы, 45 солай.

Нидерланд, Роттердам

Нұрсұлтан кейінгі кезде кофе дәні, сүт және қағаз ыдыс бағасы қымбаттағанын айтады. Сондықтан ол сусын бағасын 10 процентке көтеруге мәжбүр. Ал кофе шикізаты және сусынды әзірлеуге қажет өнім құнының өсуіне Роттердам мен Санк-Петербург арасындағы тасымалдың тежелуі себеп. Қазақстан кофе дәндері мен ұнтақталған өнімді негізінен Ресейден тасымалдайтынын ескерсек, санкцияның салқыны бізге жанама түрде осылай әсер етіп тұр. Экономист Мұрат Әбдурахмановтың пікірі осыған саяды. 

Алматы

Марат Әбдурахманов, экономист:

- Еуразиялық экономикалық одақ шарты бойынша біз тауардың барлық түрінен ұтылып отырмыз. Одақтағы әріптестеріміз оңтүстіктен әкелінетін кофе, какао сынды тауарларға үстеме баға қосып, пайда көріп отыр.  Екіншіден, Ресей Федерациясының бюджетіне түсетін баж салығы тағы бар. Біздегі үлесі небәрі 5-6%. Үшіншіден, Ресейде төленетін қосымша құн салығы бар. Бізде бірыңғай салық салу туралы келісім жоқ.

Жалпы әлем бойынша кофе дәнінің келісі 1 доллар шамасында тұрады. Роттердамнан кеме арқылы Петерборға, одан кейін темір жолмен Қазақстанға жеткенше баға үш есеге өседі. Ал егер тасымалдың балама жолы табылса, кофе құнын арзандатуға болар еді.

Марат Әбдурахманов, экономист:

- Тікелей тасымал жолын есептесек, Пәкістанның Карачи портынан Алматыға дейін  2500 шақырым. Ал Алматының Санкт-Петербург портымен арасы 8 мың шақырым шамасында. Үндістанда 1 келі кофе шамамен 1 доллар тұрады. Яғни 200 грамдық кофе қалбыры 20 цент, яғни 100 теңге шамасында. Қазақстанға әкелінсе, онда бағасы көп болса 300 теңгеге жетуі мүмкін. Ал қазір дүкен сөрелерінде тұрған дәл сол кофе 700 теңге тұрады, оған деген сұраныс та жоғары.

Рас, елімізде кофеге деген сұраныс артты. Пандемияға қарамастан 2020-2021 жылдың ішінде импортының құны 42%-ке өсті.

(Графика 1)  ТрейдМап ұсынған статистикаға сәйкес, былтыр елге кофенің 2 мың тоннасы әкелінген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 500 тоннаға артық. Сөйтіп, импорт құны 12 300 доллардан асқан. (Графика 2 )Кофе экспорттаушыларының үздік бестігінде Италия, Нидерланд, Литва мен Түркия бар. Әлгінде айтқанымыздай, кофе импортының басым бөлігі Ресейдің үлесінде. Әлемдегі ең ірі кофе экспорттаушылардың бірі Индонезия.

 Арабика, робуста сынды кофенің небір түрлері өсіретін мемлекеттің Қазақстандағы елшілігі арадағы алыс-берісті қолға алуға ниетті.

Нұр-Сұлтан

Росдиана Муртинингсих, Индонезия Елшісінің экономика ісі жөніндегі кеңесшісі:

- Егер де дистрибьютерлер арқылы емес, алыс-берісті тікелей орнатсақ, қос мемлекет те одан ұтар еді. Өйткені қазіргі таңда кофе өмір салтының ажырамас бөлшегіне айналып барады. Ия, бұрын адамдар тек шай ішетін. Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы сынды ірі шаһарлардың жастар үшін кофе өмір сүру стилінің бір бөлшегіне айналды. Бұл ретте кофе импортының болашағы зор деп білемін. Алдағы уақытта елдегі кофеханалардың саны артатыны анық. Кофенің түр-түрі пайда болып, халықтық сусынға айналатынына сенімдімін.  

Бұған кофеханашы Нұрсұлтан да сенеді. Сусынның дәміне қатысты арнайы талап-тілектердің қойылуы, кофесүйерлер қатарының ұлғайғанын аңғартады.

Нұрсұлтан Баешов, бариста:

– Арнайы растительное молоко дейді ғой. Соған да сұраныстар көбейіп бара жатыр. Көбінесе қыз балалар көбінесе сұрайды. Өздерінің фигураларын ұстап жүрген. Кейбірінің асқазанының проблемалары бар қыздар солардың сұраныстары көп нетіп жатыр.

Көпшілік кофені негізінен ұйқыашар сусын ретінде қабылдайды. Бірақ, ісінің өрге жүзуін қалайтын баристалар әр клиенттің көңілінен шығуға тырысатыны анық.

- Бақыт, каппучиноңыз дайын. Карамель қосылған. Күніңіз сәтті өтсін!

– Рахмет! 

Бақыт Топтаева, тілші:

- Ия, осылай кофе шынаяғымен бірге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әр мейманын ыждиһатпен күтіп жібереді. Оған қоса көбірек клиент тарту үшін маркетинг әдістеріне де жүгінетіндер бар. Бұның өзі Қазақстанда кофе ішу мәдениетінің қалыптасқанын білдірсе керек.

Бақыт Топтаева, Артур Горшняков