Қыркүйекке дейін елде коронавирус өрши түседі – Айжан Есмағамбетова

Әзірге болжам осындай. Өкінішке қарай дерт жұқтырғандар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Омикрон штамы жеңілдеу дегенмен, өзге де ауруы бар науқастар үшін оңайға соқпайды. Мамандар сол үшін вирусқа қарсы екпе салдыруды ескертеді. Коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызы вакцинаны бұдан жарты жыл бұрын салдырғандар не мүлде құнттамағандар екен.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:

- Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакциналау үшін вакцинаның үш түрі бар. Ол казвак, синофарм, пфайзер вакциналары. Егу пункттерінде вакцинаның 1,5 млн дозасы қалдығы бар. Бүгінгі күні егілуге тиіс тұрғындардың 80 пайыздан астамы немесе еліміздегі барлық халықтың 56 пайыздан астамы КВИ-ге қарсы вакцинаны алды.

Күзге қарай елге тағы 300 мың доза пфайзер жеткізіледі. Ол балалар мен жүкті әйелдерге салынады. Бас санитар болашақта Қазақстанда тек отандық вакцина пайдаланғанды жөн көреді. Өйткені өндіріс қуаты ішкі нарықты қамтуға жетіп тұр. Науқастарды емдеуге арналған препараттар да жеткілікті. 

Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Амбулаториялық ем алып жатқандарға кепілді тегін медициналық көмек аясында 5 препарат беріледі. Медициналық нысандарды өніммен қамту үшін 2 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Қазір медициналық-санитарлық мекемелерде 1,2 млрд теңгенің қоры жасақталды.

Жыл басынан бері коронавирустан 785 адам қайтыс болды. Оның үшеуі шілдеде көз жұмған. Қазір вирус жұқтырған 44 науқас нашар жатыр. Бірақ, әзірге карантиндік шектеулерді қатаңдатуға негіз жоқ дейді Айжан Есмағамбетова. Ал әуе және теміржол тасымалы тек денсаулық сақтау саласына салмақ түскенде ғана шектеледі.

Авторы: Мерей Мұратханқызы