Елімізде 592 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алды

1 шілдедегі дерек бойынша, елде 115,3 мың отбасы немесе 592,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл мақсатқа бюджеттен 84 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.  Атаулы әлеуметтік көмек отбасының кірісі елдегі ең төменгі күнкөріс шегінің 70%-ына жетпейтін азаматтарға беріледі. Бұдан бөлек, өңірлерде табысы аз отбасылардағы мектеп жасына дейінгі балаларға әлеуметтік жиынтық бар. Осындай көмек түрімен биыл 1-ден 6 жасқа дейінгі 155 мың бала қамтылды.

Атаулы әлеуметтік көмек:

Төленді – 592,3 мың адам

Бөлінді – 83,8 млрд тг

АӘК – табыс 70%

Әлеуметтік жиынтық – 154,9 мың бала.