Қанттың қымбаттауы нан бағасына әсер етпейді – АШМ

Себебі өнімнің өзіндік құнының 65-70 процентін ұн құрайды. Ал мемлекет әлеуметтік нанның қолжетімді болуын қамтып отыр. Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қалыпта пісетін кәдімгі нанға қант қосылмайды.

Дамир Егізбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, АКК ұлттық компаниясы ұн тарту кәсіпорындары үшін арзатылған бидайды 90 мың теңгеден сатуды жүзеге асыруда. Барлығы 275 мың тонна бидай бөлу жоспарланған. Көрсетілген шара, әсіресе әлеуметтік нан бағасын 90 теңге деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ...