Қазақстан – Түркия әуе рейстерінің саны екі есе артады

Енді аптасына 40 рейстің орнына 93 әуе қатынасы орындалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің хабарлауынша, Нұрсұлтан – Ыстамбұл бағытында аптасына 14 рейс ұшатын болады. Алматы – Ыстамбұл арасындағы әуе қатынасы аптасына 13-тен 21 рейске дейін артады. Сондай-ақ елдің өзге қалалары арасында жаңа әуе қатынастары ашылады. Мамандар рейс санының артуы әуе билетінің арзандауына ықпал ететінін айтты. Яғни әр жолаушының әуе тасымалдаушы мен тарифті таңдауына мүмкіндігі молаяды.