Талғар газ тарату станциясы алдағы жылу маусымына дайын

Талғар автоматтандырылған газ тарату станциясы алдағы жылу маусымына толықтай дайын. «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының басшылары аймақтардағы көгілдір отын тораптарын тексеріп, техникалық мүмкіндіктерін пысықтады. Сондай-ақ облыс аумағын газдандыру жоспарларымен бөлісті.

Талғар автоматтандырылған газ тарату станциясы Талғар қаласы, Кеңдала, Рысқұлов, Береке, Қызыл Ту, Түзусай елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. 2014 жылы салынып, пайдалануға берілген газ торабы сондай-ақ Алматы қаласының 20 процентіне газ береді. Станция газдың үздіксіз және бірқалыпты берілуін рететйтін заманауи құрылғылармен жабдықталған.  

Нұржан Түймебаев, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының директоры:

- Қолайсыз жағдайларда, трубаға кейде кір болады, кейде басқа да кедергілер болады, сол уақытта, газ қысымын бірқалыпты реттеп отырады. Ол жаңа модернизированный, сол осы жерде толықтай қамтамасыз етілді.

Алматы облысын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл Саймасай мен Қайнар ауылдарындағы 1150 тұрғын үй мен 36 әлеуметтік нысан көгілдір отынға қосылады. Газ құбырларының құрылысын 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған. Ал қазіргі міндет газ құбырларының алдағы жылу маусымына дайындығын пысықтау.

Хакім Мақсұт, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директоры:

- Әр аймақта күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарлы тексеру жүргізілуде. Барлық жұмыстар қолданыстағы заңнама аясында ережелерге сәйкес атқарылады. Газ тарату нысандарының қысқы маусымға дайындық деңгейі жоғары.

Инвестициялық бағдарлама аясында биыл Алматы қаласы бойынша жалпы ұзындығы 23 шақырым газ тарату құбырларын салу жоспарланған. Бұл 355 тұрғын үйді көгілдір отынға қосуға мүмкіндік береді.

Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев