loader

WhatsАpp пен Snapchat-қа айыппұл салынды

WhatsАpp пен Snapchat-қа айыппұл салынды

Мәскеу соты WhatsАpp пен Snapchat әлеуметтік желілеріне айыппұл салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қос сервистің Ресейдегі қолданушылардың мәліметтерін ел аумағында сақтаудан бас тартуы себеп. Сот үкіміне сәйкес, Снэпчат мессенджері бір миллион рубль айыппұл төлеуге тиіс. Ал, WhatsАpp-қа салынған айыппұл 18 млн рубль.

Айта кетейік, 2015 жылы Ресейде жеке мәліметтер жөнінде заң қабылданды. Заңға сәйкес, ресейліктердің мәліметі федерация аумағындағы мәліметтер қорында сақталуға тиіс. Ал заңға бағынбаған платформа бұғатталуы мүмкін.

Сондай-ақ...