ҰҚК елордада арнайы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында есірткі саудасының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді.

26 шілде күні ҰҚК психотропты заттарды сатуға қатысы бар күдікті А. есімді елордалық тұрғынды ұстады.

«Процессуалдық іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 кг «мефедрон», 1,4 кг «альфа-PVP» және 659 таблетка МДМА («экстази» деп айтылатын) тәркіленді.

Тергеу есірткіні астанамыздың орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет онлайн алаңы арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады», – делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.