Елімізде 3,5 мыңға жуық ер азамат декретке шыққан

Елімізде былтыр 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты 3 жарым мыңға жуық ер азамат декреттік демалысқа шыққан. Бұл туралы бүгін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жалпы төлем көлеміне келсек, өткен жылы ол 385 мың ата-анаға тағайындалды. Төлемді отбасы мүшесінің соңғы 2 жылдағы орташа айлық табысының 40% -зы көлемінде алып отыр. Оны ата-ананың тек біреуі ғана ала алады.

Айта кетейік, бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына шамамен 6,6 млн жұмыс істейтін азаматтан жарна түсіп отыр, оның 1,1 млн-дайы жыл сайын түрлі әлеуметтік төлемдер алуда.