Алматы облысында киік мүйізін ұрлаған үш браконьер ұсталды

Алматы облысында браконьерлерден 2284 киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 15:06 шамасында Алматы облысының құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік комитет және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторларымен бірлескен іс-шара өткізу барысында Алматы облысы, Іле ауданының аумағында 3 браконьерді ұстады. «Олар – БҚО, Алматы облысы және Қытай халық республикасының (ҚХР) тумасы. Тексеру барысында 2 284 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді», – деген ақпарат таратылды комитеттен. Хабарламада айтылғандай, броконьерлер киік мүйіздерін 26 қорапқа бөліп салған. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.