«Asar joly» қайырымдылық акциясы петропавлдықтарға қуаныш сыйлады

Елордадан ел аралауға шыққан «Asar joly» қайырымдылық акциясы Петропавлға да жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Игі іске ұйытқы болған қор өкілдері қалада форум өткізіп, көп балалы екі отбасына баспана кілттерін табыс етті. Бұл ұйымның басты мақсаты мұқтаж жандарға көмектесіп, ел тұрғындарын шарапаты мол шараға ұйыстыру. Соңғы үш жылда олар ел бойынша 400-ден астам аз қамтылған жанұяның үйлі болуына себепкер болды.

Асхат Нұрмашев, «Asar ume» қайырымдылық қорының президенті:

– Тур басталғалы бері біз 69 млн теңге жинадық. 5 отбасына үй сыйлағанбыз. Қарағанды қаласында, Нұр-Сұлтан, Көкшетауды өтіп, енді төртінші қала Петропавлға жетіп тұрмыз.

Сондай-ақ...