Өскеменде жүрекке үлкен тілік салмастан операция жасалды

Өскемендік дәрігерлер жоғарғы технология арқылы үлкен тіліксіз жүрекке алғаш рет операция жасады.

Инновациялық бөлімше мамандары адам ағзасына хирургиялық тұрғыда тікелей әсер етпей, катетер арқылы аритмияны емдеп шықты. 65 жастағы Оралбек Мамырқановқа жасалған операция сәтті өтті. Қазір ол тез оңалып келеді. Далада серуендеп, тауға да шығады. Облыста әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен осындай 20 операция жасау жоспарланып отыр.

Оралбек Мамырқанов, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Бәрі жақсы болды, еш жерім ауырған жоқ, тіпті білгем де жоқ операцияны. Сол операциядан кейін 4-5 күннен кейін ауруханадан шығып, балаларымның, немерелермінің қасына кеп үйде ұсақ, азын аулақ жұмыстарды істеп жүрмін.

Гумар Каденов, ординатор-дәрігер:

- Бұл операцияның басқалардан өзгешелігі пациент толық есінде, жергілікті жансыздандыру жүргізіледі. Операция уақыты өте аз, госпитализация 3-5 күнге ғана созылады.