Майнерлерге «қамқорлық» жасаған қылмыстық топ ұсталды

Заңсыз майнинг фермаларға қамқорлық жасап,  ІТ мамандарын қорқыту арқылы жұмысқа жеккен қылмыстық топтың 23 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында бұрын сотталғандар мен қылмысқа бейім адамдардан бастап әскери қызметшіге дейін бар. Қаскөйлер қару қолданып, қарыз өндірген және өзгелерді бопсалаумен айналысқан. Қылмыстық топтың бақылауында Алматыдағы Талғар ауданында заңсыз майнинг фермасы болған. Соның есебінен олар ай сайын 300-500 мың АҚШ доллары көлемінде пайда тапқаны да белгілі болды. Өздерінің жымысқы әрекеті үшін 36 жастағы ІТ-технология маманын бопсалап, майнинг фермаларының жұмысын ұйымдастыруға мәжбүрлеген. Тінту кезінде қара бухгалтерия, сондай-ақ жалпы құны 7 миллион долларға жуық майнингке арналған 6 мыңнан астам техниканы тәркіленді. Одан бөлек автомат пен 60 патрон, Stalker және Retay тапаншалары табылды.