Ақмола облысында 300-ден астам кәсіпкер мемлекеттен жалға алған жерін игермей отыр

Ол 900 мың гектар алқап. Бұл туралы бүгін облыстық жер ресустарын басқару департаментінің басшысы Ерғали Шорин мәлімдеді. Ең қызығы, пайдаланылмай жатқан жерлердің 780 мың гектары жайылым, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, аймақта малына өріс таппай, тарығып отырған ауыл тұрғындары өте көп. Бірақ, жауаптылар, әзірге жерді игермей отырғандарға тек ескерту беріп, 20 еселенген салық салумен ғана шектелмек. Одан қалды иелігіндегі алқапты айналымға енгізу үшін тағы 1 жыл мұрсат береді. Сөйтіп бос жатқан жердің мемлекет меншігіне қайтарылуы біраз уақытты алады. Себебі, заңнама солай, - дейді, мамандар.

Ерғали Шорин, облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы:

- 130 мың 451 гектарды біз тексердік. Соның ішінде игеруді бастады 138 мың гектар. Жұмыста қазір біз істеп жатқан сол 900-ден 643 мың 645 гектар. Ол енді биылғы жылдың аяғына дейін біз әлгі несін шығарамыз. Жер дауы деген бұл әлгі бір күнде шешіле қоятын нәрсе емес. Сосын ол 1 минутта немесе кеше ғана пайда болған проблема емес.