Санақ-2021: Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жетті

Санақ-2021: Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жетті

Былтыр 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі бойынша Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандықтардың 48,71 проценті – ерлер, 51,29 проценті – әйелдер. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18% жеткен. Халықтың 59,05%, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған. Қазақстанда халық санағы он жылда бір рет өтеді. Бұған дейінгі санақ 2009 жылы өткен еді. Ол кездегі санақ қорытындысы бойынша елдегі халық саны 16 миллион 9 мың болған.