Елде жекешелендіру жоспары қайта қаралады

Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта қаралады. Енгізілетін түзетулерге сай активтерді баланстық құнынан төмен сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол берілмейді. Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау заңнамалық негізде бекітіледі. Осылайша жекешелендіру нысандарын бәсекелі ортаға беру экономикаға оң септігінін тигізеді деп болжануда. Компаниялардың бір бөлігін «Самұрық-Қазына» қорының портфелі арқылы нарыққа шығару да көзделіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде елде 721 ұйым жекешелендіру жоспарына енгізілген, оның 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта құру кезеңінде тұр.