Қазақстанда коронавирустан 1313820 адам жазылды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 1358 адам жазылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 759,

Алматы қаласында - 274,

Атырау облысында - 3,

Шығыс Қазақстан облысында - 9,

Абай облысында - 4,

Жамбыл облысында – 9,

Батыс Қазақстан облысында - 22,

Қарағанды облысында - 212,

Ұлытау облысында - 3,

Маңғыстау облысында - 31,

Павлодар облысында - 12,

Түркістан облысында - 20.

Өткен тәулікте індет 2021 адамнан анықталды. Жалпы пандемия басталғалы коронавирус елімізде 1 354 615 адамнан анықталса, соның ішінде 1 313 820 адам сауықты.