Коронавирус бойынша болжам жасалды

Тамызда коронавирус инфекциясын жұқтыру деңгейі өршиді. Сырқаттанушылар саны тәулігіне 4 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігі осындай болжам жасап отыр. Қазір күніне 3 мың адам ауруға шалдығады. Дегенмен, қыркүйекте сырқат бәсеңдейді. Қазір екпенің 3 түрі, яғни QazVac, Sinopharm, Pfizer вакциналары ұсынылып отыр. Оның 1 млн 350 мыңнан астам дозасы бар.

Ажар Ғинаяттың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 500 мыңдай QazVac және балалар мен жүкті әйелдерге Pfizerдің 300 мың дозасын алу көзделіп отыр.