Елордада 1700-ге жуық ақылы тұрақ алынып тасталды

Елордадағы ақылы автотұрақтар саны азайды. Бірқатар нысандардың аумағынан 1680 тұрақ алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым бөлігі Сарыарқа ауданында. Алайда қалған автотұрақтар өзінің жұмысын жалғастырады. Қалалық әкімдік бұл арқылы жолдағы жүктеме 20-30%-ға, проблемалық аудандардағы жол ережелерін бұзу 70%-ға төмендеді деген мәлімет таратты.