Балқашта балық неден қырылды – Жетісу облысы

Өткен аптада Қаратал өзенінің Балқаш көліне құяр тұсында балық қырылып жатқанын көрсеткен едік.  Бейнежазбаны балықшылар түсіріп алған. Осы оқиғадан кейін Табиғат қорғау прокуратурасы мен экология департаментінің және Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы комиссия құрып, жедел тексеру жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жетісу облыстық экология департаментінің қорытындысына сәйкес сынамаға алынған су құрамынан ешқандай зиянды зат табылмады. Көл бетінен 183 келі табан балықты жинап алған. Басқа балық түрлеріне зиян келмеген. Соған қарағанда қырылған балықты балықшылар лақтырып кеткен болуы мүмкін. Олардың кім екенін полиция қызметкерлері анықтап жатыр»,– дейді инспекция мамандары.

Болат Тұманов, Қаратал балық инспекциясының бөлім басшысы:

– Қазіргі таңда экологиядан қорытындысы келді. Су дұрыс, бәрі таза. Департамент полициядан кісілер іздейді, енді оны кім лақтырды? Не үшін лақтырды? Жауапсыз балықшылар лақтырып жіберген ғой ол жерге. Сасып кеткен балығы. Ауылдың қасына лақтырып отыр ғой.