9 мыңнан астам этникалық қазақ отанға оралды

Жыл басынан бері 9 мыңнан астам қандасымыз отанға оралды. Олардың басым бөлігі Өзбекстан мен Қытайдан және Түрікменстаннан көшіп келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туған жерге табан тіреген қазақтардың 13 проценті зейнеткерлер болса, 26 проценті жеткішектер, қалған 60% еңбекке жарамды азаматтар. Тек олардың 1 пайызының білімі жоқ. Қалғандары орта немесе жоғары білімді азаматтар. Олардың басым бөлігі Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстарына қоныстанды. Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары елімізге барлығы 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралған.