476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстау облысында теңізшілер мен шекарашылардың бірлескен оқу-жаттығуы басталды

  • 167
  • UPD: 14:17, 03.08.2022
Маңғыстау облысында теңізшілер мен шекарашылардың бірлескен оқу-жаттығуы басталды

Каспии теңізінде әскери сүңгуірлер арнайы жаттығу жасады. Олар негізінен шартты түрде миналанған кемелерді анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы операцияларды жүзеге асыруға машықтанған әскери сүңгуірлер теңіздегі диверсиялық топтар шабуылының да алдын алды. Кең ауқымды ведомствоаралық оқу-жаттығу жиынына жүздеген теңізші мен шекарашы қатысты. Әскери теңіз кемелері мен арнайы техникаларды пайдалану арқылы олар өрт сөндіру, жараланғандарды құтқару, әуеден жасалатын шабуылдарға қарсы тойтарыс беру жаттығуларын да пысықтады. Болашақта бұл шара тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.

Хабар 24 телеарнасы