«Ауыл аманаты» мүшелері Атырауда болды

Ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасымен атыраулықтар да танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің барлық өңіріне 40 күндік ақпараттық марафонға аттанған «Аманат» партиясының мобильді топ мүшелері мұнайлы өңірге табан тіреді. Топ мүшелері жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ті құрайтын жеңілдетілген несие жөнінде, кооперативті құру жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жылыой, Мақат, Махамбет және Индер аудандарының тұрғындарына кеңінен таныстырылады. Жобаның алғашқы кезеңінде еліміздегі барлық ауылдық округ әкімдері оқытылған. Ақпараттық марафон барысында «AMANAT» партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 ауылдық елді мекенді аралайды. .

Амандық Әбуов, «Ауыл аманаты» жобасының сарапшысы:

– Атырау облысындағы аудандарда көбінесе негізгі ауыл тұрғындарының тарапынан ұсынылып отырған ұсыныстар, пікірлер, олардың барлығы – су тапшылығы. Оларға су тапшылығы болғандықтан мал шаруашылығымен, басқа да ауыл шаруашылығының кәсіп түрлерімен айналысу қиындық боп тұр. Біздің негізгі келудегі мақсатымыз – тек таныстырып қоймай, ауыл тұрғындары ұсынып отырған барлық ұсыныстарын, наразылықтарын Үкімет тарапына хабарлаушы звеномыз.