СҚО-да бала асырап алғандар ата-ана құқынан айырылды

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жарым жылда бала асырап алған 3 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды. Мұндай отбасыларды білім басқармасының мамандары тексеріп отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда бұл жұмысқа 22 адам бекітілген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір өңірде кәмелеттік жасқа толмаған 1079 жетім бала бар. Оның 800-ден астамы жанұяға алынған. Олардың ата-аналарына мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі. Мысалы, патронат отбасыларға 80 мың теңгеге жуық айлық төленеді. 

Мафруза Науанова, білім басқармасы бөлімінің басшысы:

Бұл балалардың ата- аналары жылына екі рет есеп береді. Барлық мәлімет республикалық базаға енгізіледі. Оның ішінде тұрмыс жағдайынан бастап мемлекеттен берілген ақшаның қайда жұмсалғанына дейін жазылады.