АЭС құрылысы: екі мыңнан астам маман қажет

Қазақстандық АЭС-те жұмыс істейтін тәжірибелі кадрлар жоқ. Ал бізге 2 мыңнан астам маман қажет. Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингінде  ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы себепті бастапқыда шетелдік жұмысшылардың көмегіне жүгінуге тура келетінімізді жеткізді. Сөйтіп алдағы 7-10 жылдың ішінде тәжірибелі мамандардың пулын қалыптастырамыз. Министр станция құрылысына да тоқталып кетті. Белгілі болғандай, технология таңдау процесі әлі жүріп жатыр. Негізге Түркия, Франция, Оңтүстік Кореяның тәжірибесі алынған.

Болат Ақшолақов, ҚР энергетика министрі:

Бірнеше нұсқа бар. Не мемлекет өзі салады не болмаса технология лицензияларына салу мүмкіндігі беріледі. Қауіпсіздік жағдайы қарастырылып, сейсмикалық зерттеулер әлі жүргізіліп жатыр. Дегенмен шамамен құрылыс алаңын айқындап қойды. Осыған дейін айтқанымыздай, 5 технологиядан тұратын қысқа тізім болған. АҚШ технологиясын қарастырмаймыз деп шештік. Олармен басқа жобалар бойынша жұмыс істейміз.