Тәтті қарбызды қалай таңдау керек?

Бүгін бүкіләлемдік қарбыз күні. Тәтті жидектің атаулы күнін қазақстандықтар бар сән-салтанатымен атап өтпесе де ауыз тиюден бас тартпайды. Сіз бен біз сүйсіне жейтін қарбыздың ең дәмдісін қалай таңдау керек?

Оңтүстік аймақтарда қарбыз ерте піскенімен теріскей жұртына жаздың соңына қарай бір-ақ жетеді. Содан болар халық жидектің бұл түрін тек тамыз айында ғана жаппай ала бастайды.

- Как раз самое время кушать сейчас.

Сатушылардың айтуынша, жұртшылық қауынға қарағанда қарбызды көбірек алады. Ұрлап та, ұнатып та әкететін жеміс-жидектің қатарында, дейді олар.  

"Выкрутасы" фильмінен үзінді

- Дяденька, а ты быстро бегаешь.

- А вы че ребята делаете?

- Че, че, арбуз воруем!

Қарбыз сөзсіз ең дәмді жидектің бір түрі. Бірақ сыртына қарап ең тәттісін әрі нәрлісін қалай табуға болады? 

Ыбырай Рысбек, сатушы:

- Арбузды таңдағанда арбуздың ең бастысы дауысына қарау керек. Одан кейін мынадай сабағына қарау керек. Сабағы қураған болса пісіп, үзілген арбуз болады. Піскен арбуз болады. Дауыс тыңқылдап тұру керек қой. Переспелый болса дауыс шықпайды. Былқылдап тұрады.

Сатушылардың айтуынша, тағы бір ескерерлік жәйт – ол ұрғашылары мен еркектерін ажырата білу.

Жармахан Махан, сатушы:

- Қыздары тәтті болады ұлдарға қарағанда. Ұл-қызы астында көрсетіліп тұрады. Артындағы күлі үлкендеу болады. Қазіргі арбуздар Жетісайдан келіп жатыр. Сапасы жақсы, нағыз арбуз.

Жалпы биыл қарбыздардың бағасы 20-дан 40 теңгеге дейін қымбаттапты. Оған логистиканың қымбаттауы мен су тапшылығы себеп болуда. Бірақ бұған қарамастан тәтті жидекті алушылардың қатары күн сайын артуда, дейді сатушылар.

Риат Шони, Аян Сәрсенбаев