Ақтөбе облысында ойын бизнесін ұйымдастырғандар айыппұл төлейді

Ақтөбе облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат ірі көлемде айыппұл төлейтін болды.

Бұл туралы сот үкімі шықты. Анықталғандай, облыс орталығының тұрғыны Хромтау қаласында бөлмені жалға алып, құмар ойындарға төлем қабылдаған. Алайда бұл ісі ұзаққа созылмады. Заңсыз әрекетін білген экономикалық тергеп тексеру департаментінің өкілдері оны қолға түсіріп, істі соттың қарауына тапсырған. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындап отыр.

Махаббат Жәнібекова, облыстық экономикалық тергеп тексеру департаментінің жетекші маманы:

- Соттың үкімі бойынша қазіргі таңда бұл кісіге айыппұл көлемінде жаза тағайындалып отыр. 1 531 500 теңге көлемінде. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті барлық азаматтарды осылай құмар ойындарын ұйымдастыру үшін де және осы ойын бизнесіне бөлмені жалға берген азаматтарға да қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.