Өскемендіктер аула абаттандыру компаниясын өздері таңдайды

Аулаларды абаттандыратын құрылыс компаниясын өскемендіктердің өздері таңдайтын болды. 

Мердігерлердің жобалары да алдымен қала жұртшылығының талқылауынан өтеді. Шаһар тұрғындары өз аулаларын жаңартуға қатысты 160-тан астам өтініш беріпті. Шенеуніктер алдымен балаларға қауіп төндіретін спорттық алаңдарды жөндеуді жоспарлап отыр. Бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұған қала ішіндегі және шаһардың шет жағындағы 20 алаң жөнделіп, жаңаша кейіпке енбек.

Ержан Ибраев, қалалық ТҮКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 27 ауланы жөндейміз. Жартысынан астамы ретке келтірілді. Бұлар тұрғындардың тілегімен өз алдына бөлек абаттандырылып жатқан аулалар. Асфальт төсеу жұмыстарын да одан әрі жалғастырамыз.