«Zhas Project» жобасының грантына өтініш қабылдау басталды

Елімізде «Zhas Project» жобасының грантына өтініш қабылдау басталды.

Жобаға 6 өңірдің азаматтары, атап айтқанда, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан мен Маңғыстау облысының тұрғындары қатыса алады. Оның аясында 250 грант бөлініп отыр. Құны 1 млн теңгелік грант  биылғы тәртіп бойынша үміткердің қолына тікелей берілмейді. Өйткені мақсатсыз жұмсалу фактілері болған. Ол тек жобаны қаржыландыруға жанама жаратылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Zhas Project» жобасы жастарды ел экономикасы мен әлеуметтік өміріне тартуға және оның идеяларын жүзеге асыруға бағытталған.