Алматы қаласы халықаралық туристік қауымдастыққа енді

Алматы қаласы 1 тамыздан бастап халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен – ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Бұл іскерлік туризмді дамытуға жол ашады. Әлем бойынша іскерлік туризм нарығы 725 миллиард долларға бағаланады.

ICCA рейтингіне сәйкес, Қазақстан іскерлік туризм бойынша әлемде 79-орында.

Айта кетейік, халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығына 88 елдің 950 қаласы мүше.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, мегаполисте жылына халықаралық деңгейдегі іскерлік 20 іс-шара өткізу жоспарда бар.